7 сәуір күні Ішкі әскерлер еліміздің жетекші жоғары оқу орнымен бірлесіп, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдауға бағытталған ауқымды шара өткізеді. Акцияға Қазақ гуманитарлық заң университетінің, Аграрлық университеттің, елордалық колледждердің студенттері, «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, Ішкі әскерлердің Астана гарнизоны әскери бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысады.
Акция мақсаты - жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың Отанына деген мақтаныш сезімін оятып, оны қорғауға даярлау