Ішкі істер департаментінің 3,5 мыңнан астам қызметкері астаналық стадионда сап түзеді
11:11, 31 Қазан 2009
АСТАНА. Қазанның 31-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жеке құрамы саптық тексерістен өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қысқы киім үлгісіне көшуге арналған саптық тексеріске ІІД-нің 3,5 мыңнан астам қызметкері қатысты.. Салтанатты түрде ойналған Қазақстан Республикасының гимнінен кейін, алаңға гарнизонның әскери жалауы шығарылып, барлық астаналық бөлімшелер сап түзеп жүріп өтті.
Сондай-ақ шара барысында, жаңадан қабылданған 15 қызметкерді полиция қатарына қабылдау рәсімі өтті. Жас полицейлер қызметтерін адал атқаруға, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Оларды атаулы күндерімен елордалық ІІД-нің бастығы Марат Демеуов құттықтады.