Ішкі істер департаментінің өкілдері Қала күнін мерекелеу жұмыстарын пысықтады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Департамент мәліметтеріне қарағанда, аталмыш тапсырмаларды бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. 1-ші, яғни даярлық кезеңі бойынша департамент басшылығы қаладағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын бекітті. Сондай-ақ басшылық құрамынан жедел штаб құрылды. Ал маусымның 23-інен бері елордалық гарнизонның жеке құрамы күшейтілген қызметке көшіріліп, бұл жұмыстар шілденің 8-іне дейін жалғасады. Маусымның 23-і мен 27-сі аралығында елорда көшелерінде тәртіп қалыптастыру мақсатында «Көше» алдын алу жедел шарасы өтті. Бұған қоса ішкі істер органдарының жеке құрамы мен ішкі әскердің орналасу жоспары бекітілген.
Департамент өкілдеріне берілген тапсырмалардың екінші кезеңі мерекеге қатысушылар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимараттардың іші-сыртында тәулік бойы күзет қою, мәдениет және спорт нысандарын күзету, түнгі кезекшілік ұйымдастыру сияқты шараларды қамтиды. Ал 3-ші кезең бойынша мерекелік шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары қортындыланатын болады.