10:35, 04 Мамыр 2009
Ішкі істер министрі сауалдарға жауап береді ? Интернет-конференция
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет порталында (http://www.e.gov.kz) Ішкі істер министрі Серік Баймұханбетов ішкі істер органдарының Елбасының биылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауының негізгі тармақтарын жүзеге асыруына қатысты оқырмандардың сауалдарына жауап береді,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа ішкі істер ведомствосының баспасөз қызметінен. Интернет-конференция сағат 9.00-дан 20.00-дейінгі аралықта оқырмандардың сауалдарын қабылдайды, жауаптар алдағы күндері беріледі.