Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмаған жасөспірімді қылмыстық әрекеттерге тартқандарға салынатын санкцияны қатайтуды көздеп отыр

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмаған жасөспірімді қылмыстық әрекеттерге тартқандарға салынатын санкцияны қатайтуды көздеп отыр. Бұл мәліметтерді бүгін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш мәселені қарастыратын заң жобасы ағымдағы жылдың наурыз айында Мәжілісте талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданған. «Сондай-ақ осы уақытта Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қаралуда. Оның талаптары бойынша, жасөспірімдерге тұрғын үйге жатпайтын нысандарда, қасында ересек адамдар болмаған жағдайда түнгі 23-00-ден таңғы 6-00-ге дейін жүруілеріне тыйым салынады», деді комитет төрағасы.