деп мәлімдеді бүгін Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде 12 жасқа дейінгі балалардың жоғалу жағдайы жөнінде бірде-бір ата-ана келіп шағымданбаған. «Жыл басынан
бері 12 бала із-түзсіз жоғалып кетті деген күдікпен іздестіріліп келген. Олардың 2-уі үйлеріне қайтарылып, 13-пен 16 жас аралығындағы 10 жасөспірім әлі күнге дейін іздестірілуде. Қазіргі таңда олардың орналасқан жері тәртіп сақшыларына белгілі. Сол себепті полицейлер жоғалған балаларды отбасыларына қайтару үшін барлық шараларды қолдануда. Бұлар негізінен осыған дейін де үйінен қашып жүрген жайсыз отбасынан шыққан балалар»,-деді департамент бастығы.
Оның айтуынша, тәртіп сақшылары жоғалған балаларды құрбандыққа шалу жөнінде үнпарақтар таратумен айналысты деген күдікпен 3 азаматты ұстады. Олардың екеуі 1977 жылы, тағы біреуі 1980 жылы туылған. «Ұсталған азаматтардан тиісті мәліметтер алынуда және осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті тексеру шаралары жүргізілуде, сонымен қатар бірқатар сараптау шаралары белгіленді»,-деді Н.Ораз.