«Біз өз қызметкерлерімізден оңайлатылған өндіріспен айналысуды талап ететін боламыз. Яғни, ең алдымен негізінен ұрлыққа қатысты қылмыстарды ашуға күш саламыз. Статистикаға сүйенсек, егер 2010 жылы орташа ауырлықтағы қылмыстарды, негізінен ұрлыққа қатысты қылмысты ашу көрсеткіші 16 пайыз болса, онда 2012 жылы біз бұл көрсеткішті 24 пайызға жеткіздік», - дейді Е.Кененбаев.
Оның айтуынша, егер сараптамаларды шапшаң жүргізу мәселесі шешімін тауып жатса онда ұрлықтардың ашылу көрсеткіші де жоғарылай түседі. Тоқтала кететін жайт, бүгінгі таңда сараптамалар жасауға 30 күндей уақыт кетеді.