деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шара жұртшылықтың құқық қорғау органы өкілдеріне деген сенімдерін арттыру мақсатында қолға алынған болатын. Шараның 1-ші кезеңінде, яғни мамырдың 1-і мен
10-ы аралығында елдегі қылмыстық ахуалды талдау негізінде тұрғындармен кездесетін орындар нақтыланды. Екінші кезеңде, яғни мамырдың 11-і мен маусымның 5-і аралығында құқықбұзушыларды анықтау мақсатында тәртіп сақшылары үйлерді аралап, ақпарат құралдарында кездесу өткізілетін жерлер мен оның уақыты жөнінде ақпараттар таратты.
Екінші кезеңде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде учаскелік инспекторлар 1,5 миллионнан астам пәтерлер мен 1,3 миллион үйлерді аралады. Сөйтіп, 23 мыңнан астам құқықбұзушыларды анықтады. Олардың мыңнан астамы отбасылық-тұрмыстық жағдайда құқық бұзса, 1 мыңнан астамы ұсақ бұзақылық әрекеттер жасаған. Ал 1,5 мың адам қоғамдық орындарда спиртті ішімдіктер ішкен. Үшінші кезеңнің нәтижелері бойынша Ішкі істер департаменттері мен ішкі істер басқармасының басшылары және учаскелік инспекторлар тұрғындармен 900-ден астам кездесулер өткізіп, оған 150 мыңнан астам азаматтар қамтылған.