деп хабарлайды ҚазАқпарат.
А.Баймурзиннің айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында адам саудасына байланысты 10 қылмыстық іс, кәмелетке толмағандарды саудалаған -4, адам ұрлаған -3, пайдалану мақсатында бас бостандығынан айырған -3, жезөкшелікке тартақаны үшін -2 және жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастырғаны және жеңгетайлығы үшін 86 қылмыстық іс қозғалған.
«Тоқсан сайын адам трафигі фактілерін ескерту және ашу мақсатында республика аумағында «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді. 2010 жылы БАҚ-та «STOP трафик» ЖААІШ барысы мен нәтижелері туралы 316 материал және 56 бейнесюжет жарияланды. Сондай-ақ адам саудасының құрбандарына заңгерлік, медициналық және психологиялық жағынан көмек көрсету үшін еліміздің барлық өңірлерінде «11616» сенім телефонына тегін қосылу және оның республика аумағында жұмыс істеуі туралы мәселе пысықталды», дейді А.Баймурзин.
Сондай-ақ ол жаңа туған нәрестелердің де саудалану оқиғасының кездесетінін айтады. «2009 жылы Ақмола, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында сәбилерді сату қылмысы орын алып, қылмыскерлер 5-тен 8-ға дейін бас бостандықтарынан айырылды», дейді Арманбек Баймурзин.