деп хабарлады ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Астана қалалық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР ІІМ Тыл департаментінің медицина басқармасы бастығының орынбасары Ж.Базарбековке қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады. Ол іс жүзінде Н. есімді азаматты жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болмаса да, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы оны 200 000 теңге мөлшерінде пара беруге итермелеген», - делінген баспасөз хабарламасында.
Астана қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен Ж. Базарбеков ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлігі «г» тармағы (алаяқтық), 307-бабы 2-бөлігі (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл сынақ мерзімімен шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды.