Ішкі істер органдары Ақтөбедегі оқиғаға қатысы бар қылмыскерлерді ұстау бойынша барлық шараларды қолға алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер органдары Ақтөбедегі оқиғаға қатысы бар қылмыскерлерді ұстау бойынша барлық шараларды қолға алды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті.

«Қазіргі таңда белсенді қарулы қақтығыстардың барысында 13 қылмыскердің көзі жойылды, 4 жарақат алды, 7 қылмыскер іздеуде. Ішкі істер органдары іздеудегі қылмыскерлерді ұстау бойынша барлық шараларды қабылдауда. Қазіргі уақытта 8 күдікті ұсталды, олардың қылмысқа қатысы тексерілуде», - дейді ол.

Сонымен қатар А.Садубаев Ақтөбе қаласындағы жағдайға да тоқталып, түн қалыпты жағдайда өткендігін, республика бойынша жағдай тұрақты, толықтай бақылауда екендігін атап өтті.

«Дегенмен, республика бойынша ішкі істер органдары толық жеке құрамының қызметі күшейтілген режімде»,-  деді департамент басшысы.