«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz ведомстволық веб-порталында «Навигация» айдарында ішкі істер органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу бойынша бөлім жұмыс істей бастады. Осы порталдағы бөлімге алда болатын кезектен тыс аттестаттау туралы толық ақпарат, оның ішінде аттесттауды өткізу ережесін реттейтін барлық нормативтік құқықтық құжаттар, аттестаттау комиссиясының құрамы және аттестаттауға жататын ішкі істер органдары басшылық құрамының дербес тізімі орналастырылған», - дейді брифинг барысында баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, көрсетілген айдарда аттестаттаудан өту барысының хронологиясы бойынша ақпарат ұдайы жаңартылып отырады және қажет болған кезде көрнекі (фото және бейне) материалдар да ұсынылып отырады. Бұдан басқа, порталдың «Интерактивті қызмет көрсетулер» бөлімінде арнайы «Сұрақ-жауап» шағын бөлімі ашылған. Онда пайдаланушылар Жоғары аттестатау комиссиясынан аттестаттаудан өтетін құқық қорғау қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы бұзушылықтары мен фактілері туралы хабарламалар мен шағымдарын қалдыра алады.
Аталған қызметті пайдалану үшін «Навигация» айдарындағы «ІІО қызметкерлерінің кезектен тыс аттестаттауы» атты бөліміне кіру немесе порталдың негізгі бетіндегі оң жақтағы бұрышында орналасқан арнайы баннерге басу керек. ІІО қызметкерлерінің кезектен тыс аттестаттауы» бөлімінің бетінде төмен жуан шрифтпен жазылған «осында» деген белсенді сілтеме жұмыс істейді. Ол арқылы «Интерактивті қызмет көрсетулер» бөліміндегі «Сұрақ-жауап» айдарына түсуге болады. Қолдану келісімімен танысқаннан кейін хабарламаны тіркеу нысанын толтырып, ішкі істер органдарының қызметтері тізімінде «ІІО қызметкерлерінің кезектен тыс аттестаттауы» желісін таңдау қажет. Барлық тармақтарды, оның ішінде хабарлама мәтінін толтырғаннан кейін, «жіберу» панеліне басу қажет. Әрбір хабарлама тексеріліп, аттестаттау комиссиясының жұмысында ескерілетін болады.