деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана қалалық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қайрат Мұхитовтың сөзіне қарағанда, аталмыш шараға учаскелік инспекторлармен қатар, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекция, қылмыстық, патрульдік полиция қызметтері мен осы істі жүзеге асыруға мүдделі өзге де мемлекеттік органдар атсалысуда. Шара аясында әкімшіліктің назарында жүрген азаматтардың түнгі мезгілдердегі әрекеттерін бақылау мақсатында арнайы топ құрылады. Бақылаудағы азаматтар тәртіп бұзатын болса, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін. Шара қарашаның 20-на дейін созылады.