Ішкі нарық ұнмен толықтай қамтамасыз етіледі - Ербол Қарашөкеев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бидай бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда баға тұрақты. 15 қыркүйектен бастап форвард шарттары бойынша сатып алу бағасын жарияладық, баға 121 мыңнан 125 мың теңгеге дейін белгіленді. Қазіргі кезде форвард шарттары аясында астық жинау жақсы қарқында жүріп жатыр. Сондықтан астық құны да тұрақты деңгейде тұр», - деді Е. Қарашөкеев Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, экспорт нарығында астық бағасы өсетін болады. Бұл отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін тиімді.

«Биылғы жақсы нәтижені ескере отырып, ішкі нарықты толықтай өзіміздің астықпен және ұнмен қамтамасыз етеміз», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде нан бағасы қымбаттады.



Фото:primeminister.kz