Ішкі нарықтағы астық бағасы көтерілді - АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі нарықтағы астық бағасы көтерілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Қасенов мәлім етті.

«2014 жылы 3-ші сұрыпты жұмсақ бидайдың ішкі нарықтағы бағасы тоннасына 42 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылғы бағамен салыстырғанда біршама жоғары», - деді ол.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, 4-ші сұрыпты бидайдың тоннасы 36 мың, 5-ші сұрыпты бидай 28 мың теңгені құрайды.

«Осылайша астық шығымы мен сапасының төмендеу ағымдағы жылы астық бағасының артуы есебінен өтелетін болады», - деді С.Қасенов.