Министрдің пайымынша, қазіргі таңда азық-түлік бағасын шектеулерді алып, тиянақты түрде қайта реттеу қажеттілігі туындап отыр. «Біз қазір ауыл шарашылығы тауар өндірушілеріне түрлі себептерді алға тартып, бағаларды бір деңгейде ұстап тұруға мәжбүрлеп отырмыз. Бұл нарықтың әртүрлілігіне қарамастан солай болып отыр, ал сонымен бір мезгілде, импортты да, сауда-саттықты да реттей алмай отырмыз.
Нәтижесінде, құс фабрикаларының қақпасынан әр данасы 10-12 теңгеден шығатын жұмыртқа дүкендерде 20-25 теңгеден сатылып жатыр. Саудадағы шектеулер 100 пайызға дейін жетеді, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бұған бар еңбегін сарқи жүріп, көретін рентабельділігі бір жұмыртқадан ары кетсе бір теңге ғана. Сондықтан да, елімізде ішкі нарықты қорғау шараларын күшейту керек, әсіресе бұлар - кантрафактілік және жалған, бұрмаланған азық түлік тауарларына қарсы бақылауды күшейту», - деді министр.
Оның айтуынша, бұл ретте сауда үшін рентабельділікті шектеудің қажеті шамалы. Алайда, ведомство басшысы өнім мен тауар өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықта делдалдар санын қысқарту қажеттігін алға тартты.
«Егер фабрикадан өндірілген тауардың тұтынушыға жеткенге қанша қолдан тізбектеліп өтетінін қарасақ, әлгі 100 пайыз пайданы кімнің көріп отырғанын да түсінбейміз. Ал олар салық төлеп жатыр ма? Яғни, осы тұста салықтық міндеттемелер есебінен, бақылауды күшейтуге тиіспіз. Екінші жағынан фабрика мен зауыттан тікелей дүкенге қысқа жолмен жеткізілетін логистикалық инфрақұрылымды дамыту керек», - деді А. Мамытбеков.