«Мен әріптестеріме сайлау барысында шынайы әрі қатаң бақылау жасап бірінші болуымыз керектігін айтамын. Жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын, сайлау комиссияларының жұмыстарын жіті байқауымыз керек. Бұл ретте біздің қонақтарымыз алдымызды орап кетпеуі тиіс. Біз қожайынбыз. Сондықтан кемшіліктерімізді ең бірінші анықтап, айтуымыз қажет», - деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сонымен қатар бірлестік төрағасы бүгінгі таңда сайлау комиссиясының жұмысында еш бұзушылық тіркелмегендігін, кандидаттардан және олардың өкілдерінен еш шағым түспегенін баса айтты.