Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Әділет министрлігінде өткен заң жобалық қызметтер мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейінгі брифингте тілшілер жауапты хатшыға «атқарып отырған жұмыстары ашық компанияға қатысты тексеруді заңсыз деп санау керек пе?» деген сауал қойды.
«Әрине, егер де компания басшысы ревизор келгенін көрсе, онда тексерушіден не үшін, қандай мақсатпен келгенін, негіздемені талап етуге құқылы. Сондай-ақ шағым бойынша келгеннің өзінде, бұл тексерістің тіркеуден өткізілуін сұрағаны абзал. Барлық шаралар регламенттелген және тіркеледі. Біз тексерумен қамтыған кезде бақылаушы органдардың алдында нені тексергенімізді және қанша рет тексеру жүргізгенімізді, бұл шаралар қандай негізде жүргізілгендігі жайында жауап береміз. Атап айтқанда, осы жұмыстардың барлығы қатаң регламенттелген және кемшіліктер қатаң жазаланады», - деді ол.