- Бізде кейбір шенеуніктер баласының тойын болсын, өзінің тойын болсын, «ас та төк» ысырапшылдықпен, думандатып, байлығын көрсетіп өткізіп жатады. Бұл қаншалықтың дұрыс, этикаға сай ма? Сіз өзіңіз ондайды қолдайсыз ба? Жалпы шақыртулар бола ма? - деп сұрады журналист.
Палата басшысы ондай ысырапшылдыққа қарсы екенін айтады.
- Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Дұрыс емес. Өзім ондайды қолдамаймын. Мен ондай тойға бармаймын да. Ондай артықшылықтарды қолдамаймын, дұрыс емес деп есептеймін, - деді Әлихан Смайылов.
Ал Қырғызстанда той мен жерлеу рәсімінде ысырапшылдық үшін айыппұл салынуы мүмкін.