«Қазақстан халқының 70 пайызы мұсылман болғандықтан, суннит пен шииттің, салафит пен уахабшының кім екенін ажырата білу үшін журналистер асыл дініміз - исламдағы түсініктерден жалпылама хабардар болу керек. Менің ойымша, журналистер тым болмағанда Құранды оқып шығуы керек. Себебі, ислам дініндегі алауыздық осы білместіктен туындайды. Құранды білген журналист «ислам діні мынаны міндет етті» деген жалған ақпарат берушіге «жоқ, қасиетті Құранда бұл жоқ» деп төтеп бере алады. Дін саласына жазу үшін оқу керек, зерттеу керек және соны талдаудан өткізу керек», - дейді сарапшы.
Д.Рысмұхамедованың айтуынша, дінге қатысты кез келген ақпаратты ресми органдардан растап алу керек.
«Дін істері комитеті, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бар, сондықтан өзге салалардан қарағанда, дін мәселесін жазарда журналистер ресми мәлімдемеге жүгінгені дұрыс», - деді сөзін қорыта ол.