97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін өткен белдесуде отандасымыз Иран балуаны Мехди Балихамзехдемен кездесті.
Белдесудің қорытындысы бойынша ирандық спортшы 5:1 есебімен жеңіске жетті. ҚР ҰРК мәліметінше, осылайша, Ислам Евлоев Азия ойындарындағы жарысын бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындарына қатысқан спортшылардың бір легі елге оралды.