Қазақстандық балуан 87 келіге дейінгі салмақта бозкілемге шығып, армениялық спортшы Виген Назарянмен белдесті. 1/8 финалдық кездесуде отандасымыз қарсыласынан 3-1 есебімен басым түсті.
Еске сала кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күресетінін, ал Демеу Жадыраевтың әлем біріншілігін 5-орынмен аяқтағанын хабарлаған едік.