12:52, 23 Мамыр 2009
«Ислам, Иман - өнерім, өмірім» деп аталатын рухани әндер жинағының алғашқы CD дискісі жарық көрді
АЛМАТЫ. Мамырдың 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда рухани әндердің «Ислам, Иман - өнерім, өмірім» деп аталатын CD дискісі жарық көрді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны Қазақстан қажылар қауымдастығы мен «Арман» продюсерлік орталығы бірігіп шығарып отыр. Жинаққа ? «Лаббаика», «О, Алла», «Аллаға мадақ», «Қалады бәрі», «Мінәжат», «Аллаға шүкір», «Мәулітің құтты болсын пайғамбарым», «Аманатқа салауат», «Ескерту», «Доспанбеттің толғауы», «Хикмет», «Мекке-Медине», «Зікірұлла», «Дүние керуен», «Аманат» деп аталатын 15 ән еніп отыр. Орындаушылары - Ақжол Мейірбеков, Жайлау Зарқынұлы, Ескендір Хасанғалиев, Сәкен Қалымов, Шаба Әденқұлқызы, Хадиша Шалабаева, Юрий Копнев, «Kz» тобы, Ақмарал Жүзімбаева, Бекболат Тілеухан, «Шыңғар» тобы, Марат Омаров, «Жігіттер» квартеті мен «Нұр-Мұқасан» тобы. Қазақстан қажылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Ақжол Мейірбековтің айтуынша, «Ислам, Иман - өнерім, өмірім» деп аталатын ән кеші қарсаңында шығарылған бұл жинақтың алдағы уақытта екінші CD дискісіде шығарылмақ.