Исмаил ульд Шейх Ахмед 1960 жылғы 9 қарашада Нуакшот қаласында дүниеге келген. Монпелье университетінде экономика бакалавры дәрежесін, Манчестер университетінде адам ресурстарын дамыту саласы бойынша магистр дәрежесін алған. Сонымен қатар Маастрихт университетінде білім алған.
Әр жылдары БҰҰ құрылымдарында қызмет атқарған. 2008–2012 жылдары БҰҰ-ның Сириядағы тұрақты үйлестірушісі, гуманитарлық үйлестірушісі және БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі болды. 2012–2014 жылдары Йеменде осыған ұқсас қызметтер атқарды.
2014 жылы БҰҰ Бас хатшысының Ливиядағы арнайы өкілінің орынбасары болып жұмыс істеді. Кейін Эбола індетіне төтенше ден қою жөніндегі БҰҰ миссиясын басқарды. 2015–2018 жылдары БҰҰ Бас хатшысының Йемен жөніндегі арнайы елшісі қызметін атқарды. Бұған дейін ЮНИСЕФ-те басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
2018 жылы Исмаил ульд Шейх Ахмед Мавританияның сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол араб, француз және ағылшын тілдерін меңгерген.
Еске салайық, бұған дейін Араб және ислам елдері Иерусалимді қорғау үшін халықаралық күш-жігерді күшейтетінін жазғанбыз.