Ислам Каримов Өзбекстан парламенті сайлауында дауыс берді (ФОТО)

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисіне (парламенттің төменгі палатасы), облыстық, аудандық және қалалық кенгашиге(кеңес) халық депутаттарын сайлау өтті деп мойындалды.

Өзбекстан Президенті Ислам Каримов заң шығарушы палата - Олий Мажлиске және Ташкент қалалық кенгашиге халық депутаттарын сайлауға дауыс беру үшін 644 сайлау учаскесіне келді.

Жергілікті уақытпен 15:00-дегі (Астана уақытымен 16:00) мәліметтер бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 58 пайыздан астамы дауыс берген. Яғни, «Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисіне сайлау жөніндегі» Заңға сәйкес заң шығарушы палатаға депутаттар сайлауы өтті деп есептеледі.