Ислам Каримов парламенттің рөлін күшейтпек

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Ислам Каримов ел Конституциясына саяси ортада Парламенттің рөлін арттыратын толықтыру енгізуді ұсынды,

деп хабарлайды NewTimes.kz.

Ақпарат көзінің мәліметіне қарағанда, бұл толықтыру ел үкіметінің қызметіне парламент бақылауын арттыратын болады. Сонымен қатар, өзбек көшбасшысы министрлер кабинетін ішкі және сыртқы саясаттағы стратегиялық мәселелерде шешім қабылдау мүмкіндігіне ие етпекші. Бұл туралы ол Конституция күніне арналған мерекелік шарадағы сөзінде айрықша атап өтті, деп жазады Baq.kz.