Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық векторын күшейтуі тиіс - Елбасы
14:38, 28 Қаңтар 2011
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ислам конференциясы ұйымына төрағалық Қазақстанның сыртқы саясатының азиялық векторын күшейтуі тиіс. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Биылғы жылы біз Ислам конференциясы ұйымын басқаратын боламыз. Біз Батыс пен Ислам әлемінің диалогын күшейту бастамасын алға тартамыз», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы биылғы жазда Астанада ШЫҰ-ның мерейтойылық саммиті өтетінін айтып өтті. «ШЫҰ біздің белсенді қатысуымызбен құрылды. Осы орайда біз оның күшеюіне барлық қажетті шараларды атқаруымыз керек», - деп тоқталды Президент. Елбасы бұл тұрғыдағы жұмыстар Қазақстанның аймақтық және жаһандық тұрақтылықты күшейтуге салынған маңызды үлесы болып табылатынын қадап айтты.