«Биылғы жылы біз Ислам конференциясы ұйымын басқаратын боламыз. Біз Батыс пен Ислам әлемінің диалогын күшейту бастамасын алға тартамыз», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы биылғы жазда Астанада ШЫҰ-ның мерейтойылық саммиті өтетінін айтып өтті. «ШЫҰ біздің белсенді қатысуымызбен құрылды. Осы орайда біз оның күшеюіне барлық қажетті шараларды атқаруымыз керек», - деп тоқталды Президент. Елбасы бұл тұрғыдағы жұмыстар Қазақстанның аймақтық және жаһандық тұрақтылықты күшейтуге салынған маңызды үлесы болып табылатынын қадап айтты.