Аталмыш мәселенің басқа жағы да бар. Баға жетпес жәдігерден айрылғысы келмейтін қолжазба қожайындары оларды тиісті орындарға беруден үзілді-кесілді бас тартып отыр. Басылымның хабарлауынша, Мавританияда тарихи мәні зор қолжазбалар көптеп кездескенімен оларға салғырт-салақ қарап отыр. Қауіпсіздік қамын ұмыт қалдырғандықтан қыл аяғы өрт апатынан сақтау жағы да қарастырылмаған.
Ең сорақысы, қолжазбалардың көбісінің қайда екені де белгісіз күйінде қалып отыр. Кезінде діни мәліметтер мен мәтіндерді көз майын тауысып хатқа түсірген, әлдеқашан сүйегі қурап қалған ғалымдардың ұрпақтары қолжазбаларды ұраларда сақтап отырғаны жасырын емес.
Muslim.kz сайтының жазуынша, зерттеушілер мәне тәржімашылардың сөзіне қарағанда, Мавритания тұрғындарының қолында құқыққа, грамматикаға, риторикаға, тарихқа, медицинаға, пәлсафаға, әдебиетке және т.б. қатысты құнды қолжазбалар бар.
Ғалымдар мен сарапшылардың есебінше, осынау ел аумағында біздің дәуірімізге дейінгі ІХ-ХХ ғасырларда жазылған 40 мыңнан аса қолжазба бар көрінеді.