Исламистердің хабарламалары «БізҚайтаАмериканыӨртейміз» хэштегімен біріктірілген. Акцияның бірінші тәуліктерінде-ақ сөз тіркесін пайдалану еселігі 15 мыңға жетті. Посттарда 11 қыркүйектегі және Батыс елдерінде орын алған терактарға қатысты сілтемелері бар. Жаңа ауқымды лаңкестік әрекеттерге бару жоспары да сөз болған.
Еске сала кетейік, 2001 жылы 11 қыркүйекте «Аль-Каида» лаңкестік ұйымы АҚШ-қа террористік шабуыл жасаған. Содырлар ұрлаған екі ұшақ Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына (World Trade Center), тағы бірі Пентагон ғимаратына соғылған. Жалпы алғанда шамамен 3 мың адам қаза тапты.