«Ислам мемлекеті» тұтқындаған жігіттің ата-анасы ұлдарының хатын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» жауынгерлерінің тұтқынына түскен 26 жастағы америкалық Питер Кассигтің ата-анасы ұлдары оларға маусым айында жазған хаттың мазмұнын жариялады, деп жазады Би-би-си.

Ислам діні мен жаңа Абдул-Рахман Кассиг деген есімді қабылдаған жас жігіт өлімнен қорқатынын жазған.

Алайда тұтқын ата-анасын «Сирияға азаптарымды жеңілдету үшін» келдім деп жұбатады.

Исламшылдар жұма күні кешке жариялаған видеожазбасында Кассигті британдық Алан Хеннингтен кейін басын аламыз деп қорқытқан.