«Ислам мемлекетіне» қосылатын содырлар саны күрт азайды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Иракта «Ислам мемлекеті» ұйымына қосылатын шетелдік содырлар саны айына 200 адамға азайды, деп хабарлады АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Иракта халықаралық коалиция қолбасшылығының орынбасары, АҚШ әскери-әуе күштерінің генерал-майоры Питер Герштейн Пентагонның деректері бойынша, бір жыл бұрын «Ислам мемлекеті» қатарына қосылатын содырлардың саны айына 2000-ға жеткен екен. Соңғы екі жылда ИМ-ға кіретіндер саны едәуір төмендеген. Алайда, Пентагон өкілі Ирак пен Сирия аумағында «Ислам мемлекетінің» саны туралы нақты ақпаратты айтпады.
Сирия «ИМ» мүшелігіне тартылған содырлардың жаңа буынының басты жаһандық инкубаторы болды. Соңғы 18 айда араб елінде 31 000 шетел содыры соғысып жатыр.
«Біз олардың моральдық жағынан әлсіреп, сарбаздарына ақша төлей алмай отырғанын бақылап отырмыз. Олар соғысуға да қауқарсыз екені анық, олардың «ИМ» қатарынан қашып кету жағдайы да жіті назарымызда», - деді П.Герштейн.