«Ислам мемлекетіне» қосылмақ болған жасөспірімдер ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сидней әуежайында «Ислам мемлекетіне» қосылып, әрекет етпек болды деген күдікпен екі жасөспірім тәртіп сақшыларының қолына түсті. Бұл туралы Associated Press мәлімдеді.

Ұсталғандар - 16 мен 17 жастағы ағайындылар. Әуежай қызметкерлері жігіттердің жүгінен олардың Таяу Шығыстағы ұрыс алаңына бару туралы ниеттерін айғақтайтын дәлелдерді тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, содырлар жас жігіттермен ғаламтор арқылы байланысқа шыққан, деп жазады 24.kz.