Дереккөздің айтуынша, содырлар түріктің Ізмір және Мерсин қалаларындағы порттарындағы босқындар ағынына қосылып, Жерорта теңізі арқылы Италияға өткен. Одан кейін содырлар Швеция және Германия сияқты басқа да еуропалық елдер барады.
Бұл ақпаратты жергілікті екі контрабандашы растаған. «Олардың бірінің айтуынша, ол оннан астам лаңкестің Еуропаға өтуіне көмектескен. Біреулері өз отбасын құрмақ, ал енді бірі - қай кезде де әзір болмақ», - деп әңгімеледі ол.
«Ислам мемлекетіндегі» басылым дереккөзі содырлардың Еуропаға өтуі - АҚШ бастаған халықаралық коалицияның әуе соққыларына өш алуының басы болмақ. «Біз Сирияда ғана емес, бүкіл әлемде халифат орнатпақпыз», - деп мәлімдеді ол. Сонымен қатар ол шабуылдар қарапайым халыққа емес, батыс елдерінің үкіметтеріне бағытталатынын айтты, деп хабарлады Лента.ру.