«Ислам мемлекетінің» содырлары Пальмираның амфитеатрында 25 адамды атып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пальмираның амфитеатрында «Ислам мемлекетінің» содырлары 25 тұтқындағы сарбаздарды атып тастады. Интернет арқылы таратылған кісі өлтіру бейнежазбасында қанішерлердің арасында 13-14 жасар жасөспірімдер болғаны тіркелген. Бұл туралы сенбі күні, 4 шілдеде Би-би-си хабарлады.

«Ислам мемлекетінің» жиһадшылары интернетке бейнежазба орналастырды, онда содырлар ежелгі Пальмира қаласының үйінділерінде 25 адамды қалай атып жатқаны көрсетілген, содырлар осы аптада қаладағы мүсіндерді қиратқан болатын.

Бейнежазба кадрларында кейбір қанішерлердің 13-14 жастар шамасында екендігі көрінеді.

Жазба «Ислам мемлекетімен» байланысты емес аккаунтта алғаш рет пайда болды.

Бейнероликте сондай-ақ кісі өлтіруді қарап тұрған бірнеше жүздеген азаматтық киім кинген адамдар бар, олардың арасында кішкентай бала да жүр. Мамыр айында жиһадшылар ежелгі қаланың үйінділерін басып алғаннан кейін Пальмирада 20 адамды атып тастаған болатын.

Осы аптада Сирияның солтүстігінде исламшылар жасақтары Алеппо қаласын үкіметтік күштерден түпкілікті алу үшін өршілене шабуылды бастады.

Сириядағы азамат соғысының төрт жылында 230 мың адам қазаға ұшырады.