Ислам мемлекетінің содырлары Сирияда 2000-ға жуық адамды өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы бес алты айдың ішінде «Ислам мемлекетінің» содырлар тобы Сирияда екі мыңға жуық адамды атты, басын шауып тастады және таспен атқылап өлтірді, деп хабарлады сириялық құқық қорғаушылар, деп жазады Би-би-си.

Лондонда орналасқан адам құқығы үшін мониторинг сириялық орталығының белсенділері шамамен 1200 бейбіт азаматтар өлтірілгенін мәлімдеді.

Орталықтың хабарлауынша, жиһадшылар шамамен тұтқынға алынған 500 әскерилерді және үкіметтік жасақтар өкілдерін қырған.

Сондай-ақ Ислам мемлекетінің исламшылары 100-ден астам өздерінің содырларын қашуға әрекет жасағаны үшін, сондай-ақ «Нусра майданы» радикалық тобының 80 өкілін өлтіргені атап өтілген.