Психологиялық тренингті орталықтың психолог маманы Ахметов Бауыржан және дінтанушы маманы Жетпісбай Назерке жүргізді.
Ахметов Бауыржан бүгінгі күнде өзекті болып отырған отбасылық мәселелер, соның ішінде баламен қарым-қатынастың жоғалуы, оның басты себептері және алдын-алу жолдары, сондай-ақ бала психологиясының маңыздылығы турасында сөз етті.
Жетпісбай Назерке қоғамда теріс ағым идеологиясына ұшыраған жастар туралы, соның ішінде теріс ағым өкілдеріне алдану, әлеуметтік желі зардабы, жалған неке құрбандары, сондай-ақ соғыс ошақтарынан оралған қазақстандықтар туралы әңгіме өрбітті. Жат ағымдарға алданбаудың түрлі жолдарын айтып, балалардың әрбір іс-әрекетін бақылап, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізді.
Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін еркін білдіріп, ашық сұхбаттасты. Шара соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін еркін білдіріп, ашық сұхбатпен аяқталды.