Ақтық сында Сұлтан Заурбек әзербайжандық Джавид Чалабиевке есе жіберді.
Бұған дейін 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Азат Махметов финалдық сынға жолдама алғанын хабарлаған болатынбыз.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 12-22 мамыры аралығында Бакуде IV Ислам ынтымақтастық ойындары өтіп жатыр. Оған 54 елден 3500 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 5 спорт түрінен 32 спортшы қорғауда. Олар: бокс, дзюдо, таеквондо WTF, еркін және әйелдер күресі.