muslim.kz сайтының жазуынша, доктор Экмеледдин Ихсаноғлы (Ekmeleddin Ihsanoglu) палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы жанжалды бейбіт әрі әділ жолмен шешудің мүмкіндігін арттыру үшін осындай қадамға барғандарын мәлім еттті.
ИЫҰ штаб-пәтеріне келген АҚШ президентінің өкілі өз елінің осы ұйыммен ынтымақтастығын нығайтқысы келетінін және осы жылдың ақпан айында өтетін ИЫҰ-ның 12-ші саммитіне қатысу ниеті барын жеткізді. ИЫҰ-ның 12-ші саммитінде Мали, Сирия, Палестина және Мьянмадағы дағдарысқа қатысты мәселелер қарастырылатынын естеріңізге сала кеткіміз келеді.
Ихсаноғлы өз хатында ИЫҰ-АҚШ ынтымақтастығы аясындағы бағдарламаларды да ұмыт қалдырмады. Бағдарламаларда ана мен баланы қорғау, ИЫҰ елдеріндегі полиомиелитке қарсы күрес, гуманитарлық көмек мәселелері қамтылған.
Сонымен қатар, америка үкіметін ұлттық кемсітуге қатты ұшырап, қуғын-сүргінде жүрген Мьянмадағы рохиньялық мұсылмандарға қолдау көрсетуге шақырды.
Бұған қоса, діни алауыздық пен араздыққа қарсы ИЫҰ мен АҚШ-тың ынтымақтасу қажеттілігіне тоқталған. Осыған байланысты стратегияны әзірлеудің алғашқы қадамы АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның бастамасымен Ыстамбұлда өткен бас қосуда жасалған болатын.