Дүбірлі додада 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс нәтижесінде 253 (114 139) келіні бағындырды.
Аталған салмақта Сауд Арабиясынан келген Мансур Алсалим 252 (115 137) келі көрсеткішпен екінші орын алса. индонезиялық Ади Нугрохо қоссайыста 244 (110 134) келі нәтижемен үздік үштікке ілікті.
Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.
Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.
Қазірге дейін қазақстандық спортшылар 16 медальмен (7 алтын, 1 күміс, 8 қола) жалпыкомандалық есепте үшінші орында келеді. Көш басында – Түркия және Иран спортшылары.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіл атлет Михаил Ливтин алтын медаль алды.
Сондай-ақ Жансел Дениз үшінші орынға тұрақтады.
Фото: olympic.kz