Исламабад Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-ға толыққанды мүше болуын қолдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Исламабад қауіпсіздік мәселелері бойынша ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру үшін Үндістан мен Пәкістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүше болуын тілейді, деп мәлім етті Пәкістан СІМ басшысының орынбасары Айзаз Ахмад Чодри ««Россия сегодня» ХАА-дағы баспасөз мәслихатында.

 Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Егер Пәкістан мен Үндістан ШЫҰ толыққанды мүшесі болса, онда біз өте қатты қуанған болар едік, осы бағытта нәтиже шығаруға болатын жұмыстарды атқаруға  кірісер едік»,-деді ол.

Негізі 2001 жылы қаланған ШЫҰ-ға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мүше. 2015 жылы ШЫҰ Үндістан мен Пәкістанды ұйымға қабылдау процедурасын бастады.