деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бүгінде сан алуан әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты әлем халықтары өзара жақындасып, бір-біріне қолғабыс жасап келеді. Бұл жағдай сол халықтардың арасындағы берік сенім мен дінаралық сұхбатты қажет етеді. «Ислам дінінде 14 ғасыр бұрын дінаралық сұхбат туралы айтылған болатын. Онда барлық халықтарды олардың діни көзқарасына қарамастан, бір құдайға мінажат етуді талқылауға шақыру жайында жазылған. Бұл Ислам дінінің ынтымақтастыққа ашық екендігін көрсетсе керек», - дейді Салман әл-Хусейн әл-Надви.