19:28, 29 Сәуір 2009
Исламдық қаржыландыру мәселелеріне арналған республикалық семинар аяқталды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда БАҚ өкілдеріне арналған «Исламдық қаржыландыру: қызмет негіздері» атты республикалық ақпараттық-ағартушылық семинар аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл кеңес қаржы тақырыбында жазатын журналистердің кәсіби біліктілігін көтеру, Қазақстандағы исламдық қаржыландыру тақырыбын насихаттауды дамыту мақсатында өткізілді.
Семинар барысында БАҚ өкілдеріне исламдық қаржыландыру, оның жұмыс бағыттары, заңдылық аспектілері мәселелері түсіндірілді.«Қазіргі дағдарыс уақытында исламдық экономика мен исламдық нарық Шариғат заңдылықтары мен тәртібі күшті басқару тәсілдері нәтижесінде тұрақтылықты көрсетіп отырғаны шындық. Сонымен қатар үлкен инвестициялық әлеуетке ие. Бұл ретте, елімізде биылғы жылдың ақпан айында арнайы заң қабылданғаны мәлім. Аталмыш құжат біздегі исламдық қаржыландыру көздеріне жол ашады», - дейді семинарды ұйымдастырушылар.