Қазақстандық бас бапкерлер мен Премьер-Лига футболшылары арасындағы сауалнама бойынша, ел вице-чемпиондардың 24 жасар шабуылдаушы жартылай қорғаушысы 26 ұпай жинап, қарсыластарынан айтарлықтай зор айырмашалықпен алдыға шықты.
Екінші ең көп дауысты «Ертіс» ойыншысы Аслан Дарабаев алды. Үздік үштікті «Қайрат» командасының тағы бір өкілі, 13 ұпай жинаған Исаэль тұйықтады. Алматылық клубта өнер көрсететін бразилиялық футболшы өзінің «қоласына» сәуір айының ең үздік легионері атағын қосып алды.