НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қазақстандық жүзуден чемпион атанды, дп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтсақ, ел құрамасынан Әділбек Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде үздік нәтижеге қол жеткізді. Көрсеткіші - 53,20 секунд.
Ал София Әбубәкірова 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде 27,17 секунд көрсеткішпен мәреге қарсыластарынан озық жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс тәсілімен жүзуде алтын медаль жеңіп алған болатын. Б үгін отандық гимнаст Эльжана Тәниева, сондай-ақ « алтын» иеленді.
Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.
Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 - 18 тамыз аралығында өтеді.
Фото: olympic.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.