НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Қазақстандық көркем гимнастика шебері Елжан Таниева Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол жекелеген жаттығулар бойынша финалда бақ сынады. Нәтижесінде Елжан доппен жаттығуда жеңімпаз болды.
Көркем гиинастика шебері шығыршық пен таспа жаттығуында қола медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ, Елжан Таниева мен Айбота Ертайқызы командалық көпсайыста үздік үштіктен көрінді.
Дәл осындай жетістікке көпсайыстан ел құрамасы топтық көрсеткіште қол жеткізді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.