Аталмыш фильмде қыркүйектің 11-і күні болған АҚШ-тағы әлемді әбігерге салған қайғылы оқиғадан кейін исламофобияның сумаңдаған жалын тіліндей бой бермей кеткені және мұсылмандарды орынсыз қаралау, қудалау секілді келеңсіздіктер сөз болған. «Үрей, ашу-ыза және саясат» деп аталатын бейнефильм адам құқығына қатысты түйткілдерге арналған кинофестивальдің арнайы сыйлығын алып, марапатқа ие болды.
«Исламофобияның нақақ құрбанына айналып, іштен тынған мұсылмандар үшін жаным күйеді. Сол себепті, осы тақырыпты таңдадым», - деді ол. Оның деректі картинасы фестиваль аяқталған соң бірден Монреаль, Квебек және Оттава қалаларының кинотеатрларында көрсетіледі. Сондай-ақ, Al Arabiya және Al Jazeera азулы телеарналары да оны өз аудиториясына ұсынады. «Менің бұл жеңісім әлемнің назарын осынау жат құбылысқа аударуға септігін тигізсе, мақсатыма жеткенім», - деді ол сөзінің соңында.