Исландияда алғаш рет масалар анықталды
23:22, 21 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Елдің оңтүстік-батысынан табылған үш маса Culiseta annulata түріне жатады, деп хабарлайды DW.
The Guardian басылымының жергілікті ғалымдарға сілтеме жасап хабарлауынша, масалардың бұл түрі суыққа төзімді болып келеді, әрі қыс мезгілінде жертөле мен амбар секілді жылы орындарда жасырынып, Исландияда тіршілік ете алады.
Бұған дейін Исландия — Антарктидадан бөлек, Жер шарындағы масалардың тұрақты популяциясы болмаған жалғыз аймақ саналып келген.
Ғалымдар бұл құбылысты жаһандық климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.
Климатологтердің мәліметінше, Исландия Солтүстік жарты шардағы ең тез жылып келе жатқан елдердің бірі саналады.
Бұдан бұрын Ұлыбританияда масалар арқылы вирус жұқтыру жағдайлары екі есе өскенін жазғанбыз.