Исландияда Boeing-767 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Американдық United Airlines компаниясына қарасты және Лондоннан Чикагоға баратын 949-шы рейсті орындаушы Boeing-767 әуе лайнері Исландияда Кефлавик халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Оқиғаға  ұшқыштар кабинасынан шыққан  түтін  себеп болған.   Ұшақ   аман-есен   жерге  қонғаннан кейін,     техникалық қызметтер  ақаудың себебін  іздестіруге кіріскен.    Ал жолаушылардың артынан  басқа ұшақ жіберілген.

Естеріңізге  сала  кетейік,  соңғы ұшақ  апаты    шілденің 16-сында   Иранның  солтүстік-батысында   болған  еді. Caspian Airlines компаниясының  бортында   168  адам  болған Ту-154 жолаушылар  ұшағы апатқа ұшыраған    болатын.  Алдын-ала мәліметтер  бойынша,     жерге апатты жағдайда  қонуға бет  алған   ұшақ  аспанда  өртене бастаған.