Исландияда Окйекудль мұздығы еріп кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Исландияда Окйекудль мұздығымен қоштасу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Мұздық 700 жылдансоң жер бетінен жойылып кетті. Алып мұздық 2014 жылы еріп барады деп саналған,қазір жанартаудың басында аз ғана мұз қалдығы қалды.

Қоштасу рәсімінеИсландияның үкімет басшысы мен Қоршаған ортаны қорғау министрі келді.

Үкімет басшысы КатринЯкобсдоуттир сөз сөйлеген соң, жиналғандар жанартаудың үстіне шығып ескерткіштақта орнатты. Онда болашақ ұрпаққа үндеу жазылған.

«Алдағы 200 жылдабіздің барлық мұздықтарымыз жойылады. Бұл ескерткіш біздің не болып жатқанынбілетінімізді және оны тоқтату үшін не істеуіміз керектігін көрсетеді. Сендер (болашақұрпақ) біз соны жасадық па жоқ па білетін боласыңдар», делінген тақтада.